ҚазМұнайГаздың еншілес компаниясына жаңа басшы келді

арсен байхарашев
Фото: ҚазМұнайГаз

АСТАНА. KAZINFORM — Karaton Operating Ltd бас директоры қызметіне Арсен Байхарашев тағайындалды.

Арсен Байхарашев бұған дейін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мұнай және газ өндіру департаментінің өндіру активтері басқармасының бастығы қызметін атқарған. 

Арсен Байхарашев — жоғары білімді, 2011 жылы Лондонда (Ұлыбритания) HULT American International University of Business университетін «бизнес әкімшілендіру және менеджмент» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2011 жылы «ҚазМұнайГаз Барлау-Өндіру» АҚ, «Орал ойл энд газ» ЖШС, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-да әртүрлі қызметтерден бастады.

«Karaton Operating Ltd» компаниясы — ҚазМұнайГаздың еншілес ұйымы.

Соңғы жаңалықтар