«ҚазМұнайГаздың» бұрынғы басшысы С.Бүркітбаев алты жылға бас бостандығынан айырылды

АСТАНА. Наурыздың 24-і. ҚазАқпарат – Ақмола гарнизонының әскери соты «ҚазМұнайГаздың» бұрынғы басшысы Серік Бүркітбаевты алты жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

«ҚазМұнайГаздың» бұрынғы басшысы С.Бүркітбаев алты жылға бас бостандығынан айырылды
Бұл туралы ҚазАқпаратқа ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады. Дереккөздің хабарлауынша, наурыздың 20-сында Ақмола гарнизоны әскери сотында сот үдерісі аяқталды. Сот үкімімен С.Бүркітбаевқа алты жылға бас бостандығынан айыру және жазасын жалпы режімдегі колонияда өтеу тағайындалды. Осы іс бойынша басқа айыпкерлерге де әртүрлі мерзімге бас бостандықтарынан айыру тағайындалды.Естеріңізге сала кетейік, С.Бүркітбаевқа қатысты іс қозғалғаны жөнінде бұқаралық ақпарат құралдарында 2008 жылғы қыркүйекте хабарланған болатын. Істі қарау жабық тәртіпте өтті.