«ҚазМұнайГаздың» дәлелденген сұйық көмірсутегінің алынатын қоры - 815 млн. тонна
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылдың 1 қаңтарындағы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның дәлелденген сұйық көмірсутегінің алынатын қоры 815 млн. тоннаны құрайды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметінен хабарлады.
«2015 жылдың 1 қаңтарында дәлелденген сұйық көмірсутегінің алынатын қоры 815 млн. тоннаны құрады. 2014 жылы Жетісу құрылымындағы Жамбыл учаскесінде 1 барлау ұңғымасы, Өріктау учаскесінде 1 барлау ұңғымасы бұрғыланды және 2 терең ұңғыманы бұрғылау басталды», - делінген хабарламада.