Қазнет: Миллионнан үлесіңді ал!

Блог-сапарға баруға үміткерлер ұсынылған тақырыптар бойынша («Көктемгі позитив», «Өзіңнен баста!», «Менің жерім», «Ата-анама құрмет», «Отбасым - Отаным») кем дегенде екі жазбадан жазып, байқаудың іріктеу кезеңіне қатыса алады. Жобаның келесі іріктеу сатысында блогерлер сапар маршрутына байланысты болжамды жоспарын (жазба, фото-видео) ұсынады. Іріктеу сындарынан өткен 10 блогер 1 000 000 теңге жүлде қорынан өз үлесін алу үшін бақ сынаспақ.
Байқаудың мақсаты - әлеуметтік желі белсенділерінің көзімен Қазақстанды жаңа қырынан таныту, қазақтілді интернет кеңістікті сапалы мәтіндік, бейне, фото контентпен толықтыру.
Байқау туралы толығырақ ақпаратты «Қазақия 2015» блог-сапар жобасының әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан табуға болады.
Жобаға Altel 4 G GSM компаниясы демеушілік етуде.