Қазнетке 15 жыл толды

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 23-і. ҚазАқпарат /Маржан Кеңесбай/- Қазнетке 15 жыл толды.

Қазнетке 15 жыл толды

Бұл туралы бүгін Алматыда «Қазақстан Интернет қауымдастығының» құрылуына арналған баспасөз мәслихатында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Егемендік алғаннан кейін Кеңес Одағы елдері SU орнын жоғары деңгейдегі ұлттық домендермен алмастырды. Халықаралық IANA агенттігінің деректер базасына ұлттық KZ доменіне қатысты алғашқы ақпарат 1994 жылдың 19 қыркүйегінде түсіпті. Бұл күн Казнеттің туған күні деп жазылыпты. Бұл күнді Қазнеттің туған күні санау керек. Демек, өткен сенбіде Қазнет 15 жасқа толды»,-дейді «AWARD kz Ұлттық интернет-сыйлық» қоғамдық қорының директоры Константин Горожанкин.

Қазнеттің 15 жылдығына орай, ««AWARD kz Ұлттық интернет-сыйлығы» интернет сайттардың 7-ші байқауын өткізіп жатыр. Ол биылғы жылы 18-19 қарашада аяқталмақ. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне және мастер класс өткізу үшін бірқатар интернет-компаниялар мен жобалардың иесі, Internet Invest Group инвестициялық холдингтің жетекшісі, Украина Интернет Қауымдастығы төрағасының орынбасары, байқаудың Қазылар алқасы төрағасы Александр Ольшанский келеді.