Қазнетке - 15 жыл

АЛМАТЫ. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ –Бүгін Алматыда Қазнеттің 15 жылдығына арналған баспасөз мәслихаты өтті.
None
None
Онда интернет желісінің қазақстандық буынының даму нәтижелері және оны отандық компаниялардың коммерциялық пайдалануының келешегі талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Биыл, 2009 жылы Қазақ интернетіне 15 жыл толып отыр. ІТ саласы сарапшыларының ақпараты бойынша, соңғы уақыттарда елімізде интернет деңгейінің өскендігі байқалуда. Соның ішінде бір миллионнан астам адам Қазақстанға қатысты ақпарат іздейді екен. Отандық интернет-ресурстар саны да күннен-күнге артып келеді, бүгінде «электронды үкімет» құрылған, әлеуметтік желілер, кәсіби қоғамдастықтар және коммерциялық алаңдар жұмыс істеуде. «Kazinter Systems Solutions» ЖШС бас директоры Шавқат Сәбировтың пікірінше, алдағы екі жыл ішінде Қазақстанда интернет мемлекеттің басты жүйе құраушы элементтерінің біріне айналады, бұл үрдіс бүкіл әлемде де қарқын алмақ. Қазірдің өзінде орта жастағы интернет пайдаланушылар санының төмендеуі байқалып отыр. Қазақстанда ғаламтор желісін тұрақты қолданатындар саны республика халқының 14 пайызын құрайды, бұл жерде олардың басым бөлігін жастар құрап отыр.
Соңғы жаңалықтар