Казнетке DDoS-шабуылдар шетелден жасалған

АСТАНА. ҚазАқпарат – «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ Интернеттің қазақстандық бөлігіне жасалған DDoS-шабуылдарды тіркеді. Өз кезегінде ол байланыс операторларының магистралдық каналдар желісінде қосымша күш түсіріп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат акционерлік қоғамның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Казнетке DDoS-шабуылдар шетелден жасалған

«Қазіргі таңда «МТҚ» АҚ байланыс операторларымен бірлесіп, жүйені оңтайландыру бағытында техникалық жұмыстар жүргізіп жатыр. Өз кезегінде ол кейбір интернет-ресурстарының жылдамдығының төмендеуіне ықпал етуі мүмкін. Қазіргі таңда DDoS-шабуылдар бірнеше шетелдік көздерден жүзеге асырылуда. Осы тектес шабуылдар өзге өңірлерде де тіркеліп отыр. Тиісті техникалық байланыстар аталған шабуылдардың бір-бірімен байланысы бар-жоғын анықтап жатыр»,-делінген МТҚ мекемесі таратқан хабарламада.

Осыған дейін бірқатар сайтқа жасалған DDOS шабуылдан кейін техникалық жұмыстар жүріп жатқанын жазған блатынбыз.