Қазнетке сенім деңгейі 80%-ды құрайды - «Қазконтент» АҚ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінде Қазнет сенімді ақпараттың көзіне айналды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте "Қазконтент" АҚ басқарма төрағасы Асқар Аxметов мәлім етті.

Қазнетке сенім деңгейі 80%-ды құрайды - «Қазконтент» АҚ

"Бүгінде Қазнет сенімді ақпараттың көзіне айналғандығын айта кеткен жөн. Ақпаратты іздеу кезінде азаматтар отандық сайттарға көп жүгінеді. Кейбір сайттарға деген сенімділік 80%-ға жеткен, бұл әлем бойынша жақсы көрсеткіш деп саналады", - деді ол.

 Оның айтуынша, бүгінде Қазақстанда интернет - телевизиядан соң ақпарат алудың екінші  арнасы болып отыр.

"Статистика мәліметтеріне сәйкес, қазіргі уақытта Қазақстанда бар интернет пайдаланушылардың 70%-ы күн сайын интернетке кіріп, ақпарат оқиды, бір-бірімен сөйлеседі", - деді А. Аxметов.