12:10, 25 Мамыр 2016 | GMT +5
«KAZNEX INVEST» агенттігінің Нью-Йорк, Дубай, Франкфурт, Ыстамбұл, Бейжіңде өкілдігі ашылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - "KAZNEX INVEST" агенттігінің Нью-Йорк, Дубай, Франкфурт, Ыстамбұл, Бейжіңде өкілдігі ашылады. Бұл туралы бүгін Астана экономикалық форумы аясындағы Инвестициялық саммитте ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев мәлім етті.

«Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша біз Қазақстанның шетелдегі мекемелерін экономикаландыру жүргіземіз. Біз басымдықты 10 елді таңдап алдық, оларға инвестиция бойынша 10 арнаулы кеңесші іссапарға жіберіледі. Мұнан бөлек, біз "KAZNEX INVEST" экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігінің Нью-Йоркте, Дубайда, Франкфуртта, Ыстамбұлда және Бейжіңде шетелдік өкілдіктерін ашамыз», - деді Ә.Исекешев.
Оның айтуынша, бұл өкілдіктер барлық өңір үшін кез келген қызмет түрлерін көрсететін болады.
«Олар құжаттарды дайындауға жәрдемдесіп, инвестициялық алаңдар анықтау, серктестерді іріктеу сынды мәселелерде кеңес береді, қажет болған жағдайда лицензиялар мен рұқсаттар алуға көмектеседі», - деді министр.