«Kaznex invest» шетелде ашылатын 4 өкілдігіне жылына 1 млн. 200 мың еуро шығындамақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Kaznex invest» шетелде 4 өкілдік ашады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталдық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Сағадиев мәлім етті.
«Біз Еуропада, АҚШ-та, Ұлыбританияда өкілдік ашуды жоспарлап отырмыз. Төртінші өкілдік Азияда ашылады. Бірақ, әлі шешім қабылданған жоқ. Ол Кореяда, Қытайда не болмаса Сингапур мен Жапонияның бірінде ашылуы мүмкін», - деді ол.
Вице-министрдің сөзіне қарағанда, шетелдегі бір өкілдікке айында шамамен 25 мың еуро шығындалады. Оған ғимаратты жалдау, екі адамның жалақысы, олардың жүріп-тұруы және әкімшілік шығыстарын өтеу кіреді.