«Қазпочта» мен Қытай пошта қызметі арасындағы уағдаластық жаңа мүмкіндіктерге жол ашады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазпочта» АҚ мен Қытайдың Ұлттық почта қызметі арасындағы жаңа уағдаластық қазақстандықтардың бюджетін айтарлықтай үнемдейді. «Қазпочта» АҚ Басқарма Төрағасы Бағдат Мусин Қытай Халық Республикасының (ҚХР) Ұлттық почта қызметінің өкілдерімен бірқатар мәселелерді талқылау үшін Қытайда болды, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.
None
None

Бұл кездесуде компанияның почта қызметі сервисін жетілдіру жөніндегі стратегия шеңберінде, ҚХР интернет-дүкендерінде сауда жасайтын e-commerce қызметін қазақстандықтарға жеткізу мәселесіне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, «Қазпочта» АҚ Басқарма Төрағасы екі елдегі почта қызметі саласындағы ынтымақтастықтың артып отырғанын айтты. Бұл ретте, ол ҚХР интернет-дүкендерінің қызметін белсене пайдаланатын қазақстандықтардың жағдайын жақсарту үшін бар мүмкіндіктерге жол ашу қажеттігіне мән берді. «Е-commerce нарығы белсенді түрде өсіп келеді, ал осы елдің интернет-дүкені әлемде сату көлемі бойынша алдыңғы орында тұр. Интернет арқылы сауданың әлеуеті зор және біз клиенттерімізге барынша жайлы сервистерді ұйымдастыру үшін барлық мүмкіндікті қарастырғымыз келеді. Мәселен, өткен жылы ҚХР - Қазақстан бағыты бойынша пакеттер мен посылкалардың көлемі 3 еседен аса өсті және өсім динамикасы бойынша барлық қалған халықаралық бағыттарды басып озды», - деді «Қазпочта» АҚ Басқарма Төрағасы Бағдат Мусин. Бұдан басқа, ҚХР интернет ресурстарында тапсырыс берілген тауарларды басқа елдерге жеткізу үшін Қазақстанның транзиттік әлеуетін пайдаланудағы өзара тиімді ынтымақтастық мәселесі қозғалды.

Соңғы жаңалықтар