«Қазпошта» 2 млн. еуроға постоматтар желісінің ілкі жобасын енгізді

АСТАНА. 19 желтоқсан. ҚазАқпарат - Астанадағы жаңа пошталық бөлiмшеде клиенттерге корреспонденцияның және пошталық жөнелтiлiмдерді автоматты түрде қабылдауға, интернет-дүкендерден тауарларды сатып алуды жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн арнайы постоматпен жабдықталды.   

«Қазпошта» 2 млн. еуроға постоматтар желісінің ілкі жобасын енгізді

 «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Аркен Арыстановтың айтуынша, бұл жаңалық Қазақстанда ілкі жоба болып табылады. «Бiрақ жуықта ұқсас машиналардың желiсiн Астанада, сонымен қатар Қазақстанның өзге қалаларында қою жоспарланған», - деді А.Арыстанов бүгін Астанада Қазақстанның тұңғыш тәулік бойы жұмыс істейтін «Post-24» пошта бөлімінің ашылуында.

Аталмыш құрылғылар Еуропа елдерінде өздерін жақсы қырынан көрсете білді. Олар Қазақстанға Эстониядан, «Клеверон» компаниясымен әкелiнедi. Қазақстан аталмыш постоматтар жүйесiне 2 миллион еуро қаржы шығындаған.    

«Бiз тек бiр ғана постомат сатпаймыз, бұл ауқымды жүйе - IT жоба, барлық постоматтар өзара интернетпен байланған, ал ол өз кезегінде үлкен бiртұтас бағдарламамен басқарылады. Алғашқы 20-30 постомат келер жылдың наурыз айында жұмыс істей бастайды. Жоба бастапқы кезеңдерде Астана, Алматы, Қарағанды және Шымкент қалаларын қамтитын болады. Біздің зерттеу бойынша, интернет-сауданың ең үлкен көрсеткіштері дәл осы қалаларда байқалды», - дейді компания өкілі Петер Пелисар.