«Қазпошта» 400 бөлімшесін жаңа форматқа көшіреді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазпошта» АҚ 2017 жылдың соңына дейін 400 бөлімшесін жаңа форматқа ауыстырады. Бұл туралы журналистерге «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазпошта» 400 бөлімшесін жаңа форматқа көшіреді

«Қазір Қазақстан бойынша 400 бөлімшені жаңғыртып жатырмыз. 2017 жылдың соңына дейін осы 400 бөлімшені жаңа форматта іске қосамыз»,-деп хабарлады Б.Мусин.

Бағдар Мусиннің айтуынша, жаңа форматтағы бөлімшелер бір деңгейде қызмет көрсету принципін ұстанады. Сондай-ақ, бұл бөлімшелердің барлығы  электронды кезекке ауысады.

Естеріңізге сала кетейік , бүгін Бағдат Мусин Астанада алғашқы электронды коммерция орталығын ашты. h