«Қазпошта»АҚ балалар арасында эпистолярлық жұмыстарға конкурс жариялады

АЛМАТЫ. Қаңтардың 23-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүкіләлемдік пошта одағы, ЮНЕЙДС, Халықаралық еңбек ұйымы, Байланыс саласы қызметкерлерінің халықаралық кәсіподағы «Біреуге хат жаз, оған ЖҚТБ туралы айту неге маңызды екенін түсіндір және досыңды қорға» атты эпистолярлық жұмыстардың конкурсын жариялады,

«Қазпошта»АҚ балалар арасында эпистолярлық жұмыстарға конкурс жариялады

деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазпошта» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазпошта»АҚ аталған конкурсты биыл 39-шы рет өткізеді. Оның мақсаты - халықаралық ұйымдармен бірлесе отырып ЖҚТБ-ның алдын алу», дейді «Қазпошта» АҚ өкілдері. Конкурсқа 15 жасқа дейінгі балалар қатыса алады. Шығарма хат түрінде, бұрын еш жерде жарияланбаған, сондай-ақ сөйлем мөлшері 500-800 аралығында болуы қажет. Хатта қатысушының мекен-жайы, аты-жөні, суреті берілуі тиіс. Өтініштер наурыздың 15-не дейін қабылданады. «Ең үздік» деп танылған жұмыс Бүкіләлемдік пошта ұйымы ұйымдастыратын халықаралық конкурсқа жіберіледі. Үздік жұмыстар «Пошта ұйымы» атты 7 тілде жарық көретін халықаралық журналда жарияланып, бағалы сыйлықтармен марапатталады.