"Қазпошта" АҚ биыл компанияны жаңартуға 3 миллиард 729 миллион теңгенің инвестицясын жұмсайды

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - "Қазпошта" АҚ-ның 2010-2020 жылдарға инвестициялық бағдарламасына 31 миллиард 679 миллион теңге қаржы қарастырылып отыр. Бұл бүгін Алматы облысы Талғар ауданындағы "Ақ бұлақ" спорттық-сауықтыру орталығында өтіп жатқан "Сауда миссиясы" семинарында айтылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қазпошта" АҚ-ның ағымдағы жағдайы мен келешектегі даму жоспарымен таныстырған Пошталық қызмет департаментінің директоры Бауыржан Байжігітовтің айтуынша, биылғы жылы компания инфрақұрылымдар мен көліктерді жаңартуға 340 миллион теңгенің қаржысын бөліп отыр. Ол қатардан шығып қалған негізгі құралдарды ағымдағы қалпына келтіру жұмыстарына жұмсалмақ. Ал құрал-жабдықтар мен технологияларды жаңартуға бөлінген биылғы қаражаттың көлемі 3 миллиард 389 миллион теңгені құрайды. Оның 150 миллионы картошкалық бизнесті дамытуға, 415 миллионы ақпараттық-логистикалық жүйені дамытуға, 585 миллионы пошта байланысының ауылдық бөлімшелерін автоматтандыруға, 273 миллионы ақпараттық жүйені жаңартуға, 1 миллиард 966 миллионы ағымдағы қатардан шығып қалған негізгі құралдар мен материалдық емес активті қалпына келтіруге бөлініп отыр.

"Қазпошта" АҚ алдағы 10 жылдың ішінде компанияға салынатын инвестиция көлемін жыл сайын ұлғайтып отыруды жоспарлап отыр. Мәселен 2010 жылы - 3 миллиард 729 миллион теңге, 2011 жылы - 4 миллиард 150 миллион теңге, 2012 жылы 5 миллиард 300 миллион теңге, ал 2013-2020 жылдары 18 миллиард 500 миллион теңге қарастырылған. Жалпы 2010-2020 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламада көзделген қаражаттың 11,240 миллионы инфрақұрылымдар мен көліктерді жаңартуға, 20,439 миллионы құрал-жабдықтар технологияларды жаңартуға жұмсалмақ", дейді Бауыржан Ержанұлы.

Соңғы жаңалықтар