«Қазпошта»АҚ биылғы жылы 6000 қазақстандықты жұмыспен қамтиды

АЛМАТЫ. Мамырдың 29-ы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - «Қазпошта»АҚ биылғы жылы еліміздің барлық аумақтарында 194 ауылдық пошталық байланыс бөлімшесін ашып, 6000 адамды жұмыспен қамтиды.
None
None
Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында «Қазпошта» АҚ басшылары мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әбдімомыновтың айтуынша, Елбасының биылғы Жолдауында айтылған «Жол картасы» жобасы аясында 142 жаңа ауылдық пошта байланысы бөлімшесінің құрылысы жүзеге асырылуда. Ал құрылысы 2008 жылы басталған 52 ауылдық пошта байланысы бөлімшесі Қазақстанның әлеуметтік-тұрмыстық жағдайының үлесін көбейту бағдарламасын жүзеге асыру жоспарына сәйкес пайдалануға берілмек. «Қазпошта»АҚ басшылары бұл жобаларды жүзеге асыру бағытында тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды отандық кәсіпкерлердің жүзеге асыратынын айтады.
Соңғы жаңалықтар