17:10, 03 Ақпан 2009 | GMT +5
«Қазпошта» АҚ Директорлар кеңесі құрамы өзгерді
АЛМАТЫ. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ -«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Директорлар кеңесі шешімімен «Қазпошта» АҚ Директорлар кеңесінің жаңа мүшелері тағайындалды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазпошта»АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Аталған шешімге сәйкес «Қазпошта» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып «Самұрық-Қазына» қоры» АҚ Басқарушы директоры Қанатбек Сафинов сайланды. Сондай-ақ Директорлар кеңесіне тәуелсіз директор Найджел Стейплтон мен Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары (уәкілетті орган өкілі) Ерлан Дұрмағамбетов сайланды. Директорлар кеңесіне жаңадан сайланған мүшелерден басқа тәуелсіз директор Калле Тариен мен «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Дәурен Молдағалиев кіреді. Ұлттық пошта байланысы операторы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» құрамында заңды тұлғалар мен халыққа пошталық, қаржылық және агенттік қызметтерді көрсетеді.