«Қазпошта» АҚ директорлар кеңесінің құрамы өзгерді
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазпошта» АҚ баспасөз қызметі компания Директорлар кеңесінің құрамы өзгергендігін хабарлады.
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқармасы «Қазпошта» АҚ-ның тәуелсіз директоры Тариена Калленің, «Самұрық-Қазына» АҚ-ның коммуникациялық активтерді басқару жөніндегі директоры, жалғыз акционердің өкілі Серік Саудабаевтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ қор «Қазпошта»АҚ Директорлар кеңесі құрамының санын 9 адам ретінде айқындады. Кеңеске мүше болып жалғыз акционердің мүддесін қорғаушы ретінде «Самұрық-Қазына» АҚ-ның басқарушы директоры Нұржан Байдәулетов, тәуелсіз директорлар ретінде Жанат Бердалин, Дмитрий Жуков және Ораз Жандосов сайланды.
Шешім 2014 жылдың 1 сәуірінен бастап күшіне енді.