«Қазпошта» АҚ Луи Брайльдің 200 жылдығына арналған марканы айналымға шығарды

АЛМАТЫ. Наурыздың 26-сы. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – Бүгін «Қазпошта» АҚ Луи Брайльдің туғанына 200 жыл толуына арналған «Мерейтойлар және ұмытылмас атаулы күндер» сериясынан көркем суретті пошта маркаларын айналымға шығарды,

«Қазпошта» АҚ Луи Брайльдің 200 жылдығына арналған марканы айналымға шығарды
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Маркада Луи Брайльдің мүсін бейнесі салынған. Марканың таралымы ? 40 000 дана. Ол Қытай астанасы Бейжіңдегі пошта белгілері фабрикасында басылып шыққан.Л. Брайль дөңес нүктелер арқылы жазу мен оқу жүйесі ? «брайль басылымын» ойлап тапқан. Алты нүктелі Брайль әліппесі зағип жандар үшін басты оқу құралы болып табылады. Осы жүйенің көмегімен көзі көрмейтін адамдарға арналып кітаптар мен оқу құралдары, ноталар басылып шығады. НАСА ғарыш агенттігі осы жазуды қолданып ғарыштық фотосуреттер жинағын жарыққа шығарды. Бұл кітаптың көмегімен көз жанарынан айырылған жандар ғарыш әлемімен танысып, осы саланың кереметтерін тамашалауға мүмкіндік алды. Барлық елдердің пошта операторлары зағип адамдардың ақпарат алмасуына жағдай жасап, көзі көрмейтіндер үшін әдебиеттерді тегін тасымалдайды. «Қазпошта» АҚ да осындай қызметті тегін көрсетіп келеді.