«Қазпошта» ауыл тұрғындарына «Үкімет - азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясы қызметтерін ұсынатын болады

АСТАНА. ҚазАқпарат -«Қазпошта» ауыл тұрғындарына «Үкімет - азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясы қызметтерін ұсынатын болады. Бұл туралы бүгін «Қазпошта» АҚ басқармасының төрағасы Бағдат Мусин мәлім етті.
None
None

«Бүгінгі күні ауыл тұрғындары мемлекеттік қызметтерді алу үшін аудан, облыс орталықтарына баруы керек. Бұл мәселені «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 100-ші қадамында көзделген «Үкімет - азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясы арқылы шешпекпіз. Біз Үкіметпен келістік. Қазпошта арқылы осы корпорацияның қызметтері ауылдық тұрғындарға ұсынылатын болады. Мұны біз ілкі жоба ретінде сынақтан өткіздік. Бүгінгі күні 40 бөлімшемізде Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыстарын атқарудамыз», - деді Б.Мусин.

«Қазпошта» ауыл тұрғындарына көптеген қызметтерді ұсынуды бүгінгі күні ілкі жоба ретінде қолға алған. Мәселен, алдағы уақытта ауыл тұрғындары «Қазпошта» бөлімшелері арқылы өздеріне қажетті дәрі-дәрмекте тапсырыс беру арқылы алуына болады. Мұнан бөлек, темір жол билеттерін де сатып алуға мүмкіншілік ұсынуда. Алдағы уақытта екніші деңгейлі банктер тарабынан ұсынылатын түрлі қызметтерді ауыл тұрғындарына қол жетімді жасау бағытында жұмыстарды жүргізу үстінде Айта кетерлігі, «Қазпоштаның» 3373 бөлімшесі бар, олардың 70 пайызы ауылда, шалғай елді мекенде, 30 пайызы қалалық жерде орналасқан.

Соңғы жаңалықтар