«Қазпошта» Директорлар кеңесін Бахмутова басқаратын болды
АСТАНА. 19 тамыз. ҚазАқпарат - «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқармасы төрағасының орынбасары Елена Бахмутова «Қазпошта» АҚ Директорлар кеңесінің (ДК) төрайымы болып сайланды, деп хабарлайды Халықтық IPO бағдарламасының ресми сайты ҚР Ұлттық банкі Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитетіне сiлтеме жасап.
Бұған дейін «Қазпошта» Директорлар кеңесін Қуандық Бишімбаев басқарған болатын. Ағымдағы жылдың 22 мамырында ол «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі басқармасының төрағасы болып тағайындалған еді.
«Қазпошта» АҚ «Халықтық ІРО» бағдарламасы аясында акцияларды сатып алу үшін ашылған жеке тұлғалардың ірі атаулы есепшот ұстаушысы болып табылады.