Қазпошта «Еуропа» сериясы бойынша Халықаралық астрономия жылына арналған екі марка шығарды

АЛМАТЫ. Сәуірдің 3-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда «Қазпошта» АҚ ел аумағында «Еуропа» сериясы бойынша Халықаралық астрономия жылына арналған екі марка енгізілгенін мәлім етті,

Қазпошта «Еуропа» сериясы бойынша  Халықаралық астрономия жылына арналған екі марка шығарды
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қазпошта» АҚ «PostEurop» қауымдастығының келісімімен «Еуропа» сериясының маркаларын шығаруға 2005 жылы қосылған болатын. 1993 жылы құрылған «PostEurop» қауымдастығына қазіргі таңда әлемнің 42 елі мүше болып табылады. «Қазпошта» АҚ осы уақытқа дейін «Еуропа» сериясы бойынша «Гастрономия» (2005 жыл), «Иммигранттардың ықпалдасуына жастардың көзқарасы» (2006 жыл), «Скаут қозғалысына 100 жыл» (2007 жыл), «Хат» (2008 жыл) тақырыптарында маркілер шығарған болатын. Енді олардың қатары тағы да толығып отыр. Галилейдің портреті мен табиғат аясындағы телескоп бейнеленген бұл маркалардың безендірушісі - Николай Соколов. Әрқайсысы 230 теңге тұратын маркалардың пішіні - 33х27,5 мм, таралымы - 150 мың дана. Олар Қытайдың Пошта және телекоммуникация министрлігінің Бейжіңдегі пошталық төлем белгілері фабрикасында басылып шыққан.