Қазпошта Геннадий Головкинге арналған марка шығарды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазпошта» АҚ қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге арналған бес маркадан тұратын пошталық топтаманың айналымға енгізілгені туралы хабарлады.
None
None

«Әлемдегі ең атақты боксшылардың бірі біздің пошталық маркаларымызға шығарылды. Геннадий қазақстандық боксты насихаттау үшін және еліміздің күллі әлемге танымал ету үшін өте көп дүниелер жасады. Маркаларды  қазіргі кезден бастап компанияның филателия салондары мен бөлімшелерінен және  онлайн postmarket.kz дүкенінен сатып алуға болады» - деп хабарлады «Қазпошта» АҚ  басқарма төрағасы Бағдат Мусин.

 «Спорт» сериясының «Қазақстан чемпиондары. Геннадий Головкин» тақырыбындағы бес маркадан тұратын пошталық топтама 4 бояудан тұратын офсеттік баспамен орындалған. Суретшісі К.Плужникова, топтамада бояуларды қорғайтын УФ - бекіту элементтері пайдаланылған. Топтаманың өлшемі - 130х111 мм. Топтамадағы маркалардың өлшемдері -  52 х 37 мм, 26 х 37 мм, 26 х 37 мм, 26 х 34 мм, 26 х 34 мм.

 Топтамадағы пошталық маркалардың номиналдары - «А» литерлері (121) теңге - салмағы 20 грамға дейінгі заңды тұлғаларға арналған жер үсті көлігімен тасымалданатын қалыпты хатты жөнелтуге арналған тарифке сәйкес, «В» литерлері (200) теңге - 20 грамға дейінгі жер үсті көлігімен ТМД елдеріне тасымалданатын қалыпты хатты жөнелтуге арналған тарифке сәйкес, ал «С» литерлері (218) теңге - салмағы 20 грамға дейінгі жер үсті көлігімен Қазақстан Республика аумағы бойынша тасымалданатын қалыпты хатты жөнелтуге арналған тарифке сәйкес келеді. Пошталық маркалар «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорында басып шығарылған.

2 3 4 

Соңғы жаңалықтар