Қазпошта қызметкерлерінің жалақысына қатысты түсініктеме берді

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін «Қазпошта» АҚ филиалы ғимаратының алдына бір топ қызметкер жиналып, жалақыны көтеруді талап етті. Бұған компания басшылығы түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін «Қазпошта»АҚ филиалы ғимаратының алдына бір топ қызметкер жиналып, жалақыны көтеруді талап етті. Олармен Алматы поштаматының директоры Алтын Садықова кездесті. Қызметкерлердің талаптарын талқылау үшін Алматыға акционерлік қоғамның басқарма төрағасы Серік Саудабаев ұшып кетті. «Қазпошта» АҚ кейбір телеграм-каналдарда жарияланған жалақы мөлшері туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. 40 мың теңге мөлшеріндегі айлықты 4 пошташы ғана алады. Олар 0.3 ставкамен жұмыс істейді, яғни жұмыс күндері толық емес. 0,3 ставканың жұмыс уақыты айына 24 сағат қана. Ал толық ставканың айлық уақыт нормативі - 176 сағат», - деп жазылған мәліметте. Оның мәліметі бойынша, қазіргі таңда «Қазпошта» АҚ жұмыс көлемінің азаюына байланысты толық емес ставкамен еңбек етуде.

«Компания өз қызметкерлерімен Ашық диалог жүргізуге дайын және жағдайды реттеу үшін барлық шараларды қабылдайды», - деп жазылған «Қазпошта» АҚ ұсынған ақпаратта.


Соңғы жаңалықтар