Қазпошта Ұлттық халық санағына арналған конверт шығарды

АЛМАТЫ. Қаңтардың 19-ы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ -«Қазпошта» АҚ ертеңнен бастап Екінші Ұлттық халық санағына арналған пошта конвертін айналымға шығарады,

Қазпошта Ұлттық халық санағына арналған конверт  шығарды
деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазпошта»АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Kazpost» таңбалы конвертте Екінші ұлттық халық санағының белгісі мен «Елтаңба» стандартты пошта маркасы басылған. Көлемі 220 х 110 мм-лік конверт - 1 миллион дана.