«Қазпошта» жаңа көркемсуретті марканы айналымға енгізуде

АЛМАТЫ. 4 қазан. ҚазАқпарат - «Қазпошта» АҚ режиссер Мәжит Бегалиннің 90 жылдығына арналған көркемсуретті марканы пошталық айналымға енгізуде.
None
None

Бұл марка «Естелік, мерейтойлық күндер мен мерекелер» топтамасына жатады. Марканың өз құны 90 теңгені құрайды, таралымы - 30 000 дана.

Оны енгізу рәсіміне «Қазпошта» АҚ Республикалық арнайы байланыс қызметі филиалының директоры Дәурен Өткелбаев пен Мәжит Бегалиннің немерелері - Гүлнар Хамитқызы мен Алтай Хамитұлы Бегалиндер, сондай-ақ Мәжит Бегалиннің өмірі мен қызметі туралы «Жан үндемей қалуы  мүмкін емес болғанда» атты деректі фильмді шығарған Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының өкілдері қатысты.

Соңғы жаңалықтар