«Қазпошта» Жеңістің 70 жылдығына арналған маркаларды қолданысқа енгізді ш

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазпошта» АҚ Жеңістің 70 жылдығына арналған үш маркадан тұратын пошталық блоктың қолданысқа енгенін хабарлады. «Естелік және мерейтойлық даталар» сериясындағы әрбір марканың құны 200 тенге.

«Қазпошта» Жеңістің 70 жылдығына арналған маркаларды қолданысқа енгізді ш

Маркаларда Рақымжан Қошқарбаев (Халық Қаһарманы), Мәншүк Мәметова (Кеңес Одағының Батыры), Иван Панфилов (Кеңес Одағының Батыры) бейнеленген.

«Маркаларды шығару - Ұлы Отан соғысына қатысқан Қазақстандық ардагерлердің ұмытылмас ерлігін естелік ретінде сақтауға қосқан үлесіміз. Пошта - соғыс кезінде де, қазіргі таңда да біздің сенімді серігіміз» - деді, «Казпочта» АҚ Директорлар Кеңесінің Төрағасы Елена Бахмутова.

Марқа офсеттік тәсілмен 4 түрлі бояумен орындалған, блок өлшемі 78 х 108 мм, маркалардың өлшемі 26 х 36 мм. Таралымы 15 мың дана. Дизайн жасаған суретші Қуат Ибрайшин.

Үш маркадан тұратын пошталық блогты іске қосудың салтанатты рәсімі 6 мамыр күні Астана қаласында, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары: Айсина Майра Араповна, Ферхо Светлана Ивановна и Бердонгаров Танирберген Маратович, сондай-ақ Ұлы Отан соғыс ардагерлерінің қатысуымен өтті.