Қазпошта жоғалған сәлемдемелерді арзан бағаға сатып жатқаны рас па

АСТАНА. KAZINFORM - Әлеуметтік желілерде Қазпошта жоғалған сәлемдемелерді төмен бағаға сатады деген жалған хабарламалар тарап жатыр.

қазпошта
Фото: Әлеуметтік желіден

Осы ақпаратқа қатысты Қазпошта АҚ мәлімдеме жасады.

- Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлаймыз. Мұндай ұсыныстарға сенбеңіздер және жеке деректеріңізді ешкімге айтпаңыз, - деп жазылған мәлімдемеде.

Айта кету керек, Қазпошта мекенжайы дұрыс көрсетілмеген сәлемдемені жіберушіге кері қайтарады.

қазпошта
Фото: Әлеуметтік желіден

- Егер осындай хабарламаларды көрсеңіз немесе күмәнді сілтемелермен бетпе-бет келсеңіз, дереу біздің ресми байланыс орталығымызға хабарласыңыз: 1499.

Сіздің қауіпсіздігіңіз біз үшін маңызды! - деп ескертті ұлттық компаниядан.

Бқған дейін ауылдық жерлердегі «Қазпошта» бөлімшелері мемлекеттік қызметтер көрсетуі мүмкін екенін жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар