«Казправданың» 90 жылдық тарихында мұндай автожарыс алғаш рет өткізіліп отыр - газет басқармасының төрағасы А.Тараков
деп ағынан ақтарылды кеше кешке Қатонда газет басқармасының төрағасы Александр Тараков.
ҚазАқпараттың бұған дейін хабарлағанындай, кеше Қатонқарағай жерінде, Берел шатқалында автожарыстың басты күні өтті. Журналистер тобы Бұқтырма өзенінің жазығындағы бірегей «Берел» Мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай-қорығында болды. Мұнда қазір ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қаржыландыруымен ғылыми-қалпына келтіру жұмыстары қызу жүргізілуде.
Берелге жасалған саяхаттан кейін казправдалықтардың газет оқырмандарымен, Қатонқарағай ауданының әкімімен және активімен кездесуі өтті. Одан кейін бард әндерінің фестивалі басталды.
Кеше Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев газет мерейтойына байланысты өткізіліп жатқан іс-шараларға қатысты. Ол казправдалықтармен бірге Алтайдың аса көрікті жерлерін аралады.