Қазір ауа райына байланысты қай жолдар жабық
Қазавтожол қазіргі кезде ауа райының қолайсыздығына байланысты жабық тұрған жолдарды атады, деп хабарлайды Kazinform.
Қазір еліміздің 2 өңірінде 6 күре жол жабық.
Атырау облысында "Атырау-Орал" күре жолының Индер ауылынан БҚО шекарасына дейінгі аралығында көлік қозғалысы шектелді.
Батыс Қазақстан облысында 5 күре жол жабық.
Олардың қатарында:
1. "Чапаево-Жалпақтал-Казталовка-РФ шекарасы", Чапаево-
Казталовка ауылдарының арасы;
2. "Атырау-Орал", Атырау облысының шекарасынан Орал қаласына дейін;
3. "Самара-Шымкент", ГАИ бекеті-КПП Сырым БӨП;
4. "Орал-Тасқала-РФ шекарасы", Орал қаласының шекарасынан РФ шекарасына дейін;
5. "Самара-Шымкент", Подстепное-Жымпиты аралығы
"Мамандар 2 мың текше метр көктайғаққа қарсы материал пайдаланды. Қысқы күтіп-ұстау жұмыстарына 300-ге жуық арнайы техника мен 500 маман жұмылдырылды. Автожолдарды өңдеу үшін 2 мың текше метрқұм-тұз қоспасы жұмсалды", - делінген ведомство жазбасында.