Қазір қандай республикалық жолдар ашық

АСТАНА. KAZINFORM — «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметі қазіргі уақытта қандай республикалық жолдар ашық екенін айтты, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

«Қызылорда-Жезқазған» жолы Сыр өңірі мен Сарыарқаны жалғайды
Фото: Нұрболат Нұржаубай

2024 жылғы 10 қарашада сағат 08:00–де Ақмола облысы бойынша келесі автомобиль жолдарында көлік қозғалысы ашылды:

1. «Жақсы-Есіл-Бұзылық» 72-82 км, Ақсай ауылынан Бұзылық ауылына дейін;

2. «Жезқазған-Петропавл» км 377-536, Қостанай облысының шекарасынан Бұзылық ауылына дейін.

3. «Жезқазған-Петропавл» км 536-595, Бұзылық ауылынан Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейін; 

2024 жылғы 10 қарашада сағат 09:00–де Ақмола облысы бойынша келесі автомобиль жолдарында көлік қозғалысы ашылды:

1. «Көкшетау Рузаевка» а/ж 40-61 км, Еленовка ауылынан — Солтүстік Қазақстан облысы шекарасына дейін.

2. «Екатеринбург-Алматы» автожолының 856-915 шақырымы аралығы, Солтүстік Қазақстан облысының шекарасынан Жақсы ауылына дейін.

2024 жылғы 10 қарашада сағат 09:00–де Солтүстік Қазақстан облысы бойынша келесі автомобиль жолдарында көлік қозғалысы ашылды:

1. «Көкшетау — Рузаевка» автожолының61-196 шақырым аралығында (Ақмола облысының шекарасынан Рузаевка ауылына дейін) — «Қарасай батырдың ескерткiш кешенiне кiреберіс жол» автожолының 0-24 шақырым аралығында (Солтүстік Қазақстан облысының шекарасында) 

2. «Жезқазған — Петропавл» автожолының 595-706 шақырым аралығында (Ақмола облысының шекарасынан Новоишимка ауылына дейін) — Екатеринбург — Алматы» автожолының 729-856 шақырым аралығында (Ақмола облысының шекарасынан Қостанай облысының шекарасына дейін) 

2024 жылғы 10 қарашада сағат 09:00–де Қостанай облысы бойынша келесі автомобиль жолдарында көлік қозғалысы ашылды:

1. «Екатеринбург — Алматы» автожолының 555-729 шақырым аралығында (Тобыл қаласынан Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейін) — «Жезқазған — Петропавл» автожолының 252-377 шақырым аралығында (Ұлытау облысының шекарасынан Ақмола облысының шекарасына дейін).

2024 жылғы 10 қарашада сағат 09:00–де Ұлытау облысы бойынша келесі автомобиль жолында көлік қозғалысы ашылды:

1. «Жезқазған-Петропавл» автожолының 132-252шақырым аралығында (Ұлытау ауылынан Қостанай облысының шекарасына дейін).

Еске салсақ, Қазгидромет болжамынша, бүгін Қазақстанның басым бөлігінде бұрқасындатып, көктайғақ болатыны хабарланды.

Соңғы жаңалықтар