Қазір Үкіметтің отставкасы мәселесін көтеруге негіз жоқ - Сенат төрағасы

АСТАНА. KAZINFORM – Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев ел Үкіметінің жұмысына қатысты пікір айтты.

Тарихи жолайрықта саналы бағыт таңдалды – Мәулен Әшімбаев
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Бүгін Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер «қай жағдайда еліміздің Парламенті Үкіметтің отставкасын сұрауы мүмкін» деген сұрақ қойды.

Өз кезегінде М.Әшімбаев бұл мәселелердің барлығы заңда реттелгенін еске салды.

- Қазір елімізде осындай мәселелерді (Үкіметтің отставкасын) көтеруге негіз жоқ деп санаймын. Үкіметтегі әріптестеріміз бүгін Сенаттағы талқылау кезінде инвестицияны тартуға қатысты біраз жұмыс атқарылып жатқанын хабарлады. Сонымен қатар, инфляцияны тежеу бойынша тиісті қадамдарды жасап отыр. Сондықтан алдағы уақытта біз Үкіметпен бірлесіп жұмыс істейміз, яғни Парламенттің де жауапкершілігі бар, - деді Сенат төрағасы.

Бұл тұрғыда ол еліміздегі инфляцияны тежеу негізгі мақсаттардың бірі екенін атап өтті.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Сенаттың жалпы отырысында «2024 – 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы мақұлданды.

Соңғы жаңалықтар