12:58, 30 Сәуір 2025 | GMT +5
Қазіргі бессайыстан Болгариядағы әлем кубогының кезеңіне Қазақстаннан кімдер қатысады
АСТАНА. KAZINFORM – 7-11 мамыр аралығында Болгарияның Пазарджик қаласында қазіргі бессайыстан әлем кубогының кезеңі өтеді.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, аталмыш халықаралық турнирде Қазақстан құрамасынан екі спортшы сынға түседі.
2024 жылғы Олимпиада ойындарының қатысушысы Георгий Борода-Дудочкин мен Константин Сычев жүлделі орындарға таласады.
Ал жуырда ғана Мажарстан астанасы Будапешт қаласында өткен кезеңде Темірлан Әбдраимов жартылай финалға дейін жеткен болатын.
Бұған дейін Милад Каримидің әлем кубогы кезеңінде алтыншы алтынын жеңіп алғанын жазған едік.