Қазіргі бессайыстан Елена Потапенко финалға өте алмады

ПАРИЖ. KAZINFORM – Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бүгін қазақстандық спортшы Елена Потапенко қазіргі бессайыстан жартылай финалдық бәсекеде сынға түсті.

Елена Потапенко
Фото: Olympic.kz

Отандасымыз жартылай финалда 1301 ұпай жинап, 15-орынға тұрақтады. 

Айта кетейік, А тобының жартылай финалдық бәсекесінде жалпы 18 спортшы сынға түсті. Оның ішінен үздік нәтиже көрсеткен 9 спортшы финалдық додаға жолдама алды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы әзірге 1 алтын, 3 күміс, 3 қола медальмен жалпы командалық есепте 36-орында тұр. Олимпиада ойындары ертең, яғни 11 тамыз күні мәресіне жетеді.

Бүгін қазақстандық спортшылар спорттың төрт түрінен ел намысын қорғайды.

Димаш Құдайбергеннің композициясы Париж төрінде әуеледі.

Париж Олимпиадасына қатысқан ұлттық құрама спортшыларының тағы бір легі елге оралды. Олардың арасында ел қоржынын күміс медальмен толықтырған Демеу Жадыраев та бар.