«ҚазРосГаз» басшысы Қ.Боранбаев қызметінен кетті

АСТАНА. 20 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Ресейдің бірлескен кәсіпорны «ҚазРосГаз» ЖШС-нің Басқарма төрағасы Қайрат Боранбаев қызметінен кетті, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

«ҚазРосГаз» басшысы Қ.Боранбаев қызметінен кетті

Қ.Боранбаев газ саласындағы аталмыш кәсіпорынды 2006 жылдан бері басқарып келген болатын.

Оның басшылығы кезінде кәсіпорын Қазақстан мен Ресейдің газ саласындағы екіжақты серіктестігінің жарқын үлгісі атанды.

«Бұл компанияда мен сегіз жыл қызмет еттім, ендігі кезекте өзімді кәсіпкерлікте шыңдап, жаңа жобалардың іске асырылуына күш жігерімді салуды жоспарлаудамын. «ҚазРосГаз» меніңше тұрақты дами бермек және оның құрылтайшылары - «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мен «Газпром» қойған міндеттерді толықтай орындайды», - деп атап өтті ол.