14:21, 01 Шілде 2009 | GMT +5
ҚазСат-1 спутнигімен болған проблемаларға қарамастан, Қазақстан ҚазСат-2 -ні ұшырудың дайындығын жүргізуде - Ө.Шөкеев
АНА. Шілденің 1-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - ҚазСат-1 жерсерігімен болған проблемаларға қарамастан, Қазақстан ҚазСат-2 спутнигін ұшырудың дайындығын жүргізуде.

Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан «Қазақстан және ғарыш» халықаралық конференциясында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның атап көрсеткеніндей, болашақта сонымен қатар қашықтан зондтау жерсеріктерін ұшыру жоспарлануда.
«Біз жерді қашықтан зондтау және телекоммуникациялық жерсеріктерін өзіміз шығарып, өзіміз ұшыратын боламыз. Сондай-ақ ресейлік әріптестермен бірлесіп, телекоммуникация саласында бірқатар жобаларды іске асыруға кірісетін боламыз», - деді Ө.Шөкеев.