Kazsat-2 орбитада бір жыл: қазақстандық байланыс және хабар тарату жерсеріктерінің барлық жүйелері қалыпты жұмыс істеп тұр
АСТАНА. 17 шілде. ҚазАқпарат - Кеше, 16 шілдеде ұлттық геостационарлық байланыс және хабар тарату Kazsat-2-нің ұшырылғанына 1 жыл болды.
Республикалық ғарыш байланыс орталығының баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл күрделі әрі ауқымды жұмысты сәтті іске асыру ҚР Ұлттық ғарыш агенттігі басқаруындағы Республикалық ғарыш байланыс орталығының мамандарынан құралған ұжымның еңбегі.
Kazsat-2 ғарыш аппараты барлық жазғы сынаулардан өтті, 2011 жылдың 25 қарашасынан бастап мақсатты бағыт бойынша қазақстандық тараппен пайдаланыла бастады.
Қазіргі уақытта қазақстандық байланыс және хабар тарату жерсеріктердің барлық жүйелері штатты режімде жұмыс істеп тұр, ғарыш аппаратының істен шығуы тіркелген жоқ.
Бүгінгі күні Kazsat-2-ні барынша пайдалану бойынша жұмыс жүргізілуде, деп хабарлады РҒБО-ның баспасөз қызметі.