«KazSat-2» сыйымдылығын жалға беру қызметі есебінен 5 млрд. теңгеден астам сомаға импорт алмасу жүргізілді - Ж.Қасымбек

АСТАНА. ҚазАқпарат - «KazSat-2» сыйымдылығын жалға беру қызметі есебінен 5 млрд. теңгеден астам сомаға импорт алмасу жүргізілді. Бұл туралы бүгін халықпен есептік кездесуін өткізген ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлім етті.

«KazSat-2» сыйымдылығын жалға беру қызметі есебінен 5 млрд. теңгеден астам сомаға импорт алмасу жүргізілді  - Ж.Қасымбек

«Қазақстанда ғарыш саласын құру аясында мынандай жұмыстар жүргізілді. «KazSat» хабар тарату мен байланыстың Ұлттық ғарыш жүйесін құру аяқталды. «KazSat-2» сыйымдылығын жалға беру қызметі есебінен 5 млрд. теңгеден астам сомаға импорт алмасу жүргізілді», - деді ол.

Оның атап өтуінше, «KazSat-3» ғарыш жүйесін пайдалануға берудің арқасында ғарыштық байланыс қызметіндегі еліміздің ішкі сұранысын толық қанағаттандыруға мүмкіндік туды.

«KazSat-3» ғарыш аппаратының қызметін 4 хабар тарату мен байланыс операторы пайдалануда.

2015 жылы «KazSat-2» жер серігі арқылы 2,4 млрд. теңге, «KazSat-3» арқылы - 883 млн. теңге пайда түсті», - деді Ж.Қасымбек.