«KazSat-2» жер серігін ауыстыру байланыс операторларына кедергі келтірмейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда «KazSat-2» жер серігі ауыстырылады. Бұл туралы «ҚазАқпарат» тілшісіне ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Марат Нұрғожин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«KazSat-2» жер серігінің жұмыс уақыты 2023 жылға дейін негізделген, яғни ол 12,5 жыл қызмет етуі тиіс (2011 жылы ғарышқа шығарылды). Сондықтан біз осы жылдан оның орнына жаңа ғарыш аппаратын дайындау жобасын іске асыруды бастадық. («KazSat-2R»). 2023 жылы жаңа спутникті сол нүктеге орналастырамыз және бұл шаралар байланыс операторларына кедергі келтірмейді»,-деді ол Мәжілістегі Үкімет сағатынан кейін.

Оның сөзіне қарағанда, «KazSat-2» салынған ақшаны 2018 жылы, ал «KazSat-3» 2021 жылы ақтап, осыдан кейін таза кіріс әкеледі.

Бұдан бұрын хабарланғандай , ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов «KazSat» жүйесі есебінен 45 млн доллар үнемделгенін атап өткен болатын.

 

Соңғы жаңалықтар