«KazSat-3» ғарыш аппараты белгіленген нүктеге жетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - «KazSat-3» спутнигі геостационарлық орбитида 58,5º шығыс бойлығындағы тұру нүктесіне жетті, 28 мамырда спутниктің орналасуының ағымдағы навигациялық параметрлерін өлшеу бойынша нақтылаулар жүргізілді, деп хабарлайды Қазғарыштың баспасөз қызметі.
«KazSat-3» спутнигі үстіміздегі жылдың 28 сәуірінде «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшырылғаннан кейін белгіленген орбиталық позицияға ауыстырылуы кезінде оның техникалық параметрлерін растау мақсатында қызметтік жүйе модульдеріне ұшу-конструкторлық сынаулар (бұдан әрі ҰКС) жүргізілді.
Бүгінгі күні Ақкөл қаласы жерүсті басқару кешенінің және «Академик М.Ф. Решетнев атындағы АСЖ» мамандары бірігіп, спутниктің пайдалы жүктемесінің ҰКС жүргізуге дайындық бойынша жұмыстар жүргізуде.
Жоспарланған ұшу-конструкторлық сынауларын қыркүйек айының ортасына қарай аяқтау күтілуде.