«KazSat-3» қыркүйектен бастап пайдаланылады - Т. Мұсабаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - «KazSat-3» спутнигі алдағы қыркүйектен бастап пайдаланылады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев мәлім етті.
None
None

«Шамамен биылғы мамыр айының ортасында спутник орбитадағы тиісті нүктесіне жетуі тиіс, яғни шығыс ұзақтығы 58,5 градус нүктесіне. Содан соң ұшу-конструкторлық сынаулар, тіркеу сынаулар өткізіліп, 2014 жылғы қыркүйекте ғарыштық аппаратты эксплуатацияға қабылдау жоспарлануда»,-деді агенттік басшысы.

Осы орайда Т. Мұсабаев ғарыш саласында атқарылған жұмыстар арқасында Қазақстан байланыс және ақпарат тарату секілді стратегиялық маңызды бағытта автономды және сыртқы әсерден тәуелсіз болғанын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылғы 28 сәуірде Астана уақыты бойынша 10 сағ. 25 мин. «Байқоңыр» ғарыш айлағының № 81 алаңынан «KazSat-3» үшінші ұлттық геостационарлық хабар тарату және байланыс спутнигі сәтті ұшырылды. «KazSat-3» спутнигінде Қазақстан аумағын байланыс қызметімен қамтамасыз ете алатын Ku-диапазонды 28 транспондер орнатылған. Ғарыш аппаратының жұмыс істеу мерзімі - 15 жыл.

Соңғы жаңалықтар