11:54, 19 Қыркүйек 2011 | GMT +5
«KazSat-3» жер серігі 2013 жылы ұшырылатын болды
ТАНА. 19 қыркүйек. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «KazSat-3» жер серігі 2013 жылы ұшырылатын болды. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінде өтіп жатқан Үкімет сағатында ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда, ғарышқа ұшатын аппаратты тағы да ресейлік компания жасайды. «Биылғы жылдың 20 тамызында Париж қаласының Ле Бурже халықаралық авиациялық-ғарыш салонында Ресей Федерациясының «Академик Решетников атындағы ақпараттық спутниктік жүйелері» компаниясы мен еліміздің Ғарыш байланыс орталығы арасында үшінші байланыс аппаратын құрастыру жөніндегі келісімге қол қойылды. Осы құжат талаптары бойынша жобаны негізінен ресейлік компания жүзеге асыратын болды. Ал жер серігін ғарышқа ұшыру шарасы 2013 жылға жоспарланып отыр. Осылайша біз өзіміздің спутниктік жүйелер тобын жүзеге асыруды аяқтаймыз. Егер жоба сәтімен жүзеге асса, біз шетелдік операторларға тәуелділіктен арыламыз»,-деді Агенттік төрағасы.