«Қазселденқорғау» мамандары жол қар көшкінінің алдын алу жұмыстарын жүргізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылдың 6 қаңтарында «Қазселденқорғау» ММ мамандары жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, «Өскемен -Таулы Үлбі-Северное» автожолындағы 34+800м шақырымда қар көшкінінің алдын алу жұмысын жүргізді, деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметі. 

«Қазселденқорғау» мамандары жол қар көшкінінің алдын алу жұмыстарын жүргізді

Нәтижесінде 3100 текше метр қар түсті. Қар массасы автожолды жартылай жауып қалды. «Облшығысжол» КМК-ның 3 дана қар тазалағыш техникалары жұмыс істеді. Сағат 13:40-те жол жүру қамтамасыз етілді. Профилактикалық жарылыс кезінде ешкім зардап шеккен жоқ. Қазіргі уақытта аталған аймақтағы автожол қауіпсіз.

Жалпы жұмыстарға 22 адам және 8 техника бірлігі жұмылдырылды.