«KAZSPORT» Алматыда спорт комментаторлары арасында кастинг өткізеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - «KAZSPORT» Алматыда спорт комментаторлары арасында кастинг өткізеді.
«Қазақстан» РТРК» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынаша, кастинг 14 қараша күні «Қазақстан» РТРК» АҚ Алматы филиалының ғимаратында өтеді. Түйіндемені 12 қараша күнгі кешкі 22.00 -ге дейін kazsporttv.kz@mail.ru -ға жіберу қажет.
Бұл - телеарнаның 2015 жылғы жалпы төртінші, Алматыда өткізіліп отырған бірінші байқауы.
Алматы қаласында спорттық шаралар көп өткізіледі. Сол себепті телеарнаға еліміздегі ең ірі қалада тұратын жергілікті комментаторлар аса қажет.
"Kazsport" телеарнасы үміткерлерден кастингке жауапкершілікпен дайындалып, өздері мен өзгенің уақытын бағалауды сұрайды. Байқауда футбол, хоккей және басқа да командалық спорт түрлері мен жекпе-жек сайыстарынан материалдар пайдаланылады.
Мекенжайы:Алматы қаласы. Желтоқсан даңғылы 177. «Қазақстан» РТРК» АҚ Алматы филиалы
Үміткерлердің өзімен бірге төлқұжаты немесе жеке куәлігі болуы шарт.