«Kazsport» арнасы бастапқыда ел аумағының 65 пайызын қамтиды

АСТАНА. 1 шілде. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Астананың 15 жылдығын мерекелеу қарсаңында «Қазмедиа орталығы» ғимаратында бүгін жаңа «Kazsport» спорт телеарнасы ашылды.
None
None

«Kazsport» қызметі салауатты өмір салтын насихаттап, бұқаралық спортпен айналысу мәдениетін дамытуға және ұлттық спорт түрлерін алға жылжытуға бағытталған.

Спорт арнасын құру кезінде алдыңғы қатарлы шетелдік және халықаралық арналардың (Еуроспорт, Sky sport, ESPN, НТВ Плюс спорт және басқа да) тәжірибесі ескерілді. Бұл бағдарламалық саяясатты қалыптастыруда, хабар тарату кестесін дайындауда және редакциялық жобаларды іріктеуде көрініс тапты.

Атап айтқанда, тәулік сайын 14-сағаттық хабар тарату жүзеге асырылады (таңертеңгі сағат 10.00-ден сағат 00.00-ге дейін). Әлемдік деңгейдегі ірі спорт іс-шараларын «тікелей эфирде» көрсету үшін трансляция ұзартылуы мүмкін. Трансляциялар кестесі маңызды халықаралық жарыстарды қамтиды, оларға қазақстандық спортшылардың қатысуына және ұлттық чемпионаттардың көрсетіліміне ерекше назар аударылады. Спорт жаңалықтарының, бағдарламалардың, әйгілі қазақ спортшылары, олимпиада чемпиондары және маңызды спорт іс-шаралары туралы деректі фильмдердің ұдайы шығып тұруы қарастырылған.

«Kazsport» арнасының хабар тарату кестесіне «тікелей эфир» форматында үстіміздегі жылдың шілде айында «Тур де Франс» веложарысы, Ресейдегі Жазғы Универсиада (Қазан қаласы), бокстан Азия чемпионаты, Испаниядағы су спорты түрлерінен әлем біріншілігі және Уимблдон теннис турнирі еніп үлгерді.

Футболдан неміс бундеслигасы мен Ресей премьер-лигасы, WTA нұсқасы бойынша теннис (әйелдер теннисі), биатлон, шаңғы жарыстары бойынша әлем кубогы, волейболдан әлемдік гран-при сериясы, мәнерлеп сырғанау, дзюдо, т.б. трансляциялау құқығы бойынша келісімшарттар жасалды.

«Еуроспорт», «НТВ-Плюс» (Ресей), «Идман» (Әзірбайжан), «Спорт Украина» (Украина) арналарымен ынтымақтастық қарым-қатынас орнатылды. Тұрақты шетелдік кеңесшілерді тартуға байланысты сұрақтар шешілуде.

Тармақталған аймақтық инфрақұрылымды ескере отырып, спорт арнасы «Қазақстан» РТРК» АҚ базасында ашылып отыр. Бұл аймақтардағы спорттық шаралардың сапалы берілуін қамтамасыз етеді.

«Kazsport» арнасы заманауи HD-форматта «Қазмедиа орталығынан» таратылады. Штат құрамы - 43 қызметкер.

Телетаратылым «Отау ТВ» ұлттық сандық жерсеріктік желісі арқылы және «Алма ТВ», «ID TV», «Digital TV», «ICON TV» және т.б. ірі кабельді операторлар арқылы жүзеге асырылады. Бастапқыда ел аумағының 65 пайызын қамту көзделеді. «KazSport» арнасының ашылуы Қазақстандағы және халықаралық деңгейдегі ірі спорт оқиғаларын трансляциялауды ұйымдастырудағы негізгі хост-хабар таратушы ретінде жұмыс істеудің тәжірибелік дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл мәселенің ұшы Азиаданы өткізгенде шықты, демек 2017 жылы Алматыда өткізілетін Универсиада кезінде де тағы алдымыздан шығары хақ.

Шетелдік спорт арналарының жоғары рейтингтеріне қарап, оған қоса, барлық техникалық және ұйымдастыру мәселелерінің жан-жақты қамтылуын есепке алса, «Kazsport» арнасының көрермендік аудиториясынан үлкен қызығушылық болады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар
Референдум