«Kazsport» Қайрат-Маккаби кездесуін көрсете алмағанының себебін түсіндірді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 14 шілде күні «Kazsport» телеарнасында сағат 21.13 мен 21.57 уақыт аралығында «Қайрат» (Қазақстан) және «Маккаби» (Израиль) арасында өткен кездесуінің көрсетілімі кенеттен тоқтатылды. Бұл келеңсіз жағдай ауа-райы қолайсыздығы әсерінен уақытша спутник сигналының жоғалып кетуіне байланысты орын алды, деп хабарлады «Қазақстан» РТРК баспасөз қызметінен.
Матч Алматы қаласындағы Орталық стадионда өтті. Телевизиялық серіктестеріміз бұл жағдайға түсіністікпен қарап, ойынның толық нұсқасын қайталап көрсетуді жоспарлап отыр.
Кездесуді толық көлемде «Kazsport» телеарнасы да көрсетеді. Жанкүйерлер бұл ойынды бүгін, 15 шілдеде сағат 23.30-да, ертең, 16 шілдеде сағат 12.00-де, сондай-ақ, 21 шілдеде сағат 16.15-те және 22 шілдеде сағат 08.05-те көре алады.