«KAZsport» телеарнасы Англия премьер-лигасының футбол матчтарын көрсететін болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «KAZsport» телеарнасы футболдан Англия премьер-лигасын трансляциялау құқығын сатып алды. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихаты барысында телеарна директоры Диас Ахметшәріп мәлім етті.

«KAZsport» телеарнасы Англия премьер-лигасының футбол матчтарын көрсететін болады

«Біз жақында Англия премьер-лигасын трансляциялауды бастайтын боламыз. Қазіргі уақытта көрсетілім құқығын рәсімдеу бойынша ұсақ құжат жұмыстарын аяқтау ғана қалды және 2014 жылдың тамыз айынан бастап, біз Англия чемпионатының толыққанды трансляциясын жасамақпыз», - деді ол.

Оның айтуынша, көрсетілім құқығы екі маусымға сатып алынады.

Сонымен қатар телеарна ауыр атлетикадан әлем чемпионатын, Австралияның және Ұлыбританияның теннистен ашық біріншілігі мен Тур де Франс веложарысын көрсетуді жоспарлауда.