«Kazsport» телеарнасы «Астана» мен фин құрамасы және «Қайрат» пен шотландық «Абердина» арасындағы матчтарды көрсетеді

Бұл туралы "Қазақстан" ұлттық теелеарнасының баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгін, яғни 29 шілде күні Чемпиондар лигасы үшінші біліктілік раундында «ХИК-қа» сырт алаңдағы матч басталады. Матч Хельсинки қаласындағы стадионда өткізіледі, басталуы Астана уақыты бойынша сағат 21:50-де.
Естеріңізге сала кетейік, «Астана» футбол құрамасы словениялық «Марибор» құрамасын екінші біліктілік раундта екі матч ұпайының жиынтығы бойынша 3:2 есебімен ұтқан болатын. Ал «ХИК» латвиялық «Вентспилсом» құрамасын 4:1 есебімен ұтты. Бүгінгі күні рейтингтік көрсеткіште «Астана» құрамасы 229 орында, ал «ХИК» 136 орында тұр.
Бір күннен кейін, яғни 30 шілдеде «Қайрат» футбол клубы өз алаңында шотландиялық «Абердина» құрамасын қабылдайды. Бұл қайраттықтардың Еуропа Лигасының үшінші біліктілік раундындағы бірінші кездесуі. Өткен іріктеу кезеңінде «Қайрат» армяндық «Алашкерт» құрамасын екі кездесудің ұпайы бойынша 4:2 есебімен ұтқан болатын.
Сәрсенбі, 29 шілде, сағат: 21:50. «Астана» ФК және «ХИК» ФК арасындағы матч.
Бейсенбі, 30 шілде. 20:30. «Қайрат» ФК «Абердин» ФК арасындағы матч.