«Kazsport» телеарнасы футболдан Испания чемпионатын трансляциялай бастайды - Дәурен Абаев
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Фейсбуктегі парақшасында футбол жанкүйерлерін қуантатын жаңалықты жариялады.
«Қымбатты достар!
Спортсүйер қауымды, әсіресе футбол жанкүйерлерін қуантатын мына бір жаңалықты өздеріңізбен бөлісіп қойғым келеді.
19 қарашадан бастап «Kazsport» телеарнасы футболдан Испания чемпионатын трансляциялай бастайды.
Қазақстандық тарап үшін тиімді болған бұл келісімге трансляциялау құқығының иелерімен арадағы жүйелі келіссөздің арқасында қол жетіп отыр.
Қалың көрерменнің сұранысына ие жобаларды отандық телевизияға тарту жұмыстары одан әрі жалғаса бермек»,-деп жазады Д. Абаев.