«Кazsport» телеарнасы мен «Астана» баскетбол клубы ынтымақтастықты кеңейтуде (ФОТО)

Әрбір матчтың алдында сарапшылар, ойыншылар, мамандар, бапкерлер, жанкүйерлер телевизиялық баскетбол аудиториясына қонаққа келіп, «Kazsport» телеарнасының комментаторларымен бірге алдағы жарыстың негізгі шиеленістерін, сюжеттік желілерін талдайтын болады. Көшпелі студия қызмет көрсететін бірінші матч Кипрлік «АЕК» клубына қарсы («ФИБА-Еуропа Кубогы» турнирі шеңберінде) өтетін кездесу болмақ. Осы ойын 29 қазан күні «Астана» БК үйдегі кездесулері ұйымдастырылатын елордалық «Сарыарқа» велотрегінде өтеді деп күтілуде.
«Kazsport» телеарнасында трансляцияның басталуы сағат 19:30-да (Астана уақыты). «Kazsport» телеарнасы мен «Астана» баскетбол клубының ынтымақтастығы үшінші маусымда да өз жалғасын тапты (2013-2014, 2014-2015, 2015-2016). «Kazsport» телеарнасы Қазақстан Республикасының аумағында «ВТБ лигасында» «Астана» БК матчтарының ресми таратушысы және «Астана» БК үйдегі матчтарының Хост-хабар таратушысы болып табылады, деп хабарлайды «Қазақстан» РТРК» АҚ баспасөз қызметі.